Создать сайт на a5.ruҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ТУРАЛЫ
Әдістемелік нұсқау хат
Астана - 2018
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2018 жылғы 15 маусымдағы № 7 хаттама).
2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2018. – 368 б.
Жинаққа 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепалды даярлық және жалпы орта бiлiм беретiн мектептерінiң 1-11-сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген.
Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласының қызметкерлерiне арналған.
© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2018
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Қазақстан |
Республикасының |
Президенті |
Н.Ә. |
Назарбаевтың |
бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған. Оның үшеуі жалпы орта білім беру жүйесіне қатысты. 76-қадам. 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жан басына қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру. 79-қадам. Білім беру жүйесінде - жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. 89-қадам. «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу. |
2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2018-2019 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына 3, 6, 8-сыныптар көшеді.
4, 9, 10-11-сыныптар 2013 жылы бекітілген оқу бағдарламаларымен оқитын болады.
Нормативтік құқықтық база
Жаңа оқу жылында:
Барлық жалпыға міндетті білім беру стандарттары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) және оқу бағдарламалары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтына орналастырылған.
Мектеп үшін барлық МЖМБС және оқу бағдарламаларының қағазға шығарылған бір нұсқасы болса жеткілікті. Мұғалім МЖМБС және оқу бағдарламаларының электронды нұсқаларымен жұмыс істеуіне болады.
Вариативті компоненттен 9-сыныпқа міндетті түрде «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқытуға аптасына 1 сағат бөлінеді. Аталған курсты ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен пәнінің мұғалімдері жүргізеді.
2018-2019 оқу жылында «Қоғам және дін» оқу курсы енгізілмейді.
Ұсынылған «Абайтану» таңдау курсы (9-11-сыныптар) вариативтік компоненттің сағаттары есебінен оқытылады. Оқу бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген.
1-4-сыныптарда «Жол қозғалыстарының ережесі» оқу курсының мазмұны сынып сағаттарының есебінен – әр сыныпта 6 сағаттан өткізіледі; 5-8-сыныптарда бұл оқу курсы сабақтан тыс уақытта сынып сағаттары мен факультативтер есебінен – әр сыныпта 10 сағаттан өткізіледі.
1-8-сыныптарға арналған сабақтың үлгі ретінде алынған тақырыптары 2017-2018 оқу жылына арналған Әдістемелік-нұсқау хатта (ӘНХ) берілген.
Мектепалды сыныптарда оқу жылының ұзақтығы – 32 апта, 1-сыныптарда – 33 апта, 2-11 (12)-сыныптарда – 34 апта.
Назар аударыңыздар!
Мереке күндеріне сәйкес келген сабақтарға қатысты.
Пәндер бойынша оқыту мақсаттары сабақтарда не мереке күндеріне дейін не кейін оқытылады. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау немесе орта мерзімді жоспарды бейімдеу кезінде мұғалімге мереке күндеріне неғұрлым жеңіл мақсаттарды шығару және жазба жұмыстарын жоспарламау ұсынылады.
Оқу жылы барысындағы каникул күндері белгіленді:
Назар аударыңыздар!
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына өзгерістер енгізілді.
1. Бұрын төмендегідей көрсетілген.
Бастауыш сыныптар үшін, жаңартылған білім мазмұнының бағдарламалары бойынша білім алушылар:
Қалалық жалпы білім беретін ұйымдардасыныптардың толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:
Жаңартылған білім мазмұнының бағдарламалары бойынша оқитын 5-8-сыныптар үшін:
Қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда 5-8-сыныптар толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:
2013 жылғы оқу бағдарламаларымен оқитын сыныптар үшін:
Қалалық жалпы білім беретін ұйымдардасыныптартолымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім алушылар саны 10-нан кем болмаған жағдайда:
2018-2019 оқу жылынан бастап сыныптарды топтарға бөлу туралы шешімді әр мектептің әкімшілігі қабылдайды. МЖБС жаңа редакциясында: «Топтарға бөлуге рұқсат етіледі...»деп көрсетіледі. Яғни, осы оқу жылынан бастап сыныптарды топтарға бөлу, бөлмеу мәселесін мектеп өзі шешетін болады. Бұл мектептердің материалдық-техникалық базасына, атап айтқанда, спорттық залдардың, аудитория қорының, оқушылар контигентінің, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің санына және т.б. байланысты.
2. МЖБС жаңа редакциясында және соған сәйкес Үлгілік оқу жоспарларында «Ағылшын тілі» оқу пәнімен қатар «Шетел тілі» пәні көрсетіледі, яғни бұрынғы нұсқасы қайта алынады. Оқушылардың не «Ағылшын тілін», не «Неміс тілін», не «Француз тілін» таңдауға құқығы бар.
Барлық сыныптық, сыныптан тыс жұмыстардың (факультативтік, жеке және үйірме сабақтары) түрлерін қоса алғанда, білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемі 1-сыныпта – 24 с., 2-сыныпта – 25 с., 3-сыныпта –29 с., 4-сыныпта –29 с., 5-сыныпта –32 с., 6-сыныпта –33 с., 7-сыныпта – 34 с., 8-сыныпта – 36 с., 9-сыныпта – 38 с., 10-сыныпта – 39 с., 11-сыныпта – 39 с. аспауы тиіс. |
Үй тапсырмасы
Назар аударыңыз!
Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі Әдістемелік ұсынымдамалар ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 182 бұйрығымен бекітілді.
Осы ұсынымдамаларға сәйкес үй тапсырмасын дайындау уақытын азайту үшін 5-11-сыныптарда қосарланған сабақтар өткізуге болады.
Үй тапсырмасын (бір оқу күніне) орындауға жұмсалатын уақыт шығынын ескере отырып, тапсырманың көлемі бойынша нормативтер өзгертілді.
Үй тапсырмасын орындауда 2-сыныпта 50 минуттан, 3-4-сыныптарда
70 минуттан, 5-6-сыныптарда 90 минуттан, 7-9-сыныптарда 110 минуттан,
10-11-сыныптарда 130 минуттан аспауы тиіс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы
29 желтоқсандағы № 179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» ережесіне төмендегідей өзгерістер енгізілді:
Үй тапсырмасын:
Бейнелеу өнері, көркем еңбек, музыка, өзін-өзі тану, еңбекке баулу, технология, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтырудан үй тапсырмасын басқа пәндермен кіріктіріп беру ұсынылады.
Білім алушылар сабақта оқыту мақсаттарына жетсе («біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «бағалайды» және «жинақтайды»), үй тапсырмасын орындаудың қажеттілігі болмайды.
Орта білім беру ұйымдарының басшыларына педагог қызметкерлердің үй тапсырмасын ұйымдастыру бойынша жұмыстарының кезеңділігі мен мерзімдерін басқаруды мектепішілік бақылау жоспарында жазып, мектеп директорының бұйрығымен жыл сайын бекітіп отыру ұсынылады.
Үй тапсырмасын беру кезінде бастауыш сынып мұғалімдеріне, пән мұғалімдеріне:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім) қызметінiң Үлгілік ережелерінің 19-тармағына сәйкес білім алушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкiлдерінiң мүдделерiн ескере отырып және жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарында инклюзивті сыныптар (бір сыныпта ерекше білім беруді қажет ететін екі баладан артық оқытылмауы тиіс) (немесе) ауытқу түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн.
Инклюзивтік сыныптарда оқитын ерекше білім беруді қажет ететін балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысы мен ұсынымдары бойынша жалпы білім берудің оқу бағдарламасы немесе жеке бағдарлама бойынша білім алуы мүмкін.
Мемлекет, инклюзивті білім берудің мақсаттарын іске асыра отырып, даму мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білім алуына, дамуының бұзылуын түзету және әлеуметтік бейімделуі үшін білім берудің барлық деңгейінде арнайы жағдайды қамтамасыз етеді.
Ата-аналар қоғамдастығында инклюзия тәртібінде білім алатын, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға деген адамгершілікті, толеранттылықты тәрбиелеу мақсатында мектептің әкімшіліктеріне жылына бір рет әрбір параллель сыныптарда инклюзивті білім берудің идеологиясын түсіндіруге арналған, соған сәйкес барлық адамдарға бірдей қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ететін, алайда, денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше жағдай жасау қажеттілігі туралы ата-аналар жиналысын өткізу ұсынылады. Мұндай жиналыстардың мақсаты – барлық ата-аналар инклюзивті білім беру принциптерін меңгеруге қол жеткізуі тиіс.
Жиналыс тақырыбы мен өткізу форматын мектептер өздері анықтайды.
Білім беру ұйымдары оқу процесін қашықтан білім беру технологиялары (бұдан әрі – ҚБТ) бойынша өз бетінше іске асыра алады.
Оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығымен бекітілген Экстернат түрінде оқыту ережелерімен реттеледі.
ҚБТ ережелері барлық білім беру деңгейлерінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, оның ішінде мүгедек балалар, I және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедек болып табылатын білім алушылар үшін қолданылады. ҚБТ бойынша оқуға ниет білдірген білім алушылар білім беру ұйымы басшысының атына растаушы құжаттарды ұсына отырып, оқуда ҚБТ пайдалану мүмкіндігі туралы уәждемелі негіздемелерімен еркін түрде өтініш жазады. Мүгедек балалар ҚБТ бойынша оқу процесіне қатысу мүмкіндігі туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес ұсынымдарын береді. Жалпы білім беру ұйымдарында ҚБТ бойынша оқыту бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу жоспарлары бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес, экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат түрінде оқытуға рұқсат береді.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат түрінде оқытуға рұқсат беру және негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттарының телнұсқаларын беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарымен реттеледі.
Бақылаудың негізгі түрлері ауызша, жазбаша нысанда және олардың байланысы арқылы жүзеге асырылады. Бақылаудың түрін таңдау оқу пәнінің мазмұны мен ерекшелігіне, оқуға бөлінетін сағат санына, оқу кезеңіне, жопарланған оқу нәтижесіне, білім алушылардың жас және жеке ерекшелігіне байланысты.
Бақылау жұмыстары білім беру ұйымының жетекшісі бекіткен кестеге сәйкес өткізілуі қажет. Бақылау жұмыстарын дүйсенбі, жұма және соңғы сабақтарда өткізу ұсынылмайды.
Жалпы білім беру мектептерінің әкімшілігіне жаңартылған білім мазмұнын енгізуді ескере отырып, оқыту процесін және мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыруға арналған келесі нормативтер ұсынылады.
Жалпы білім беру мектептерінің әкімшілігі үшін оқыту процесін және мектепішілік бақылауды жаңартылған білім мазмұнын енгізуді ескере отырып тиімді ұйымдастыруды жүзеге асыру үшін келесі нормативтер ұсынылады.
1-кесте – Оқу процесі мен мектепішілік бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асыру нормативтері
№ р/с | Бақылау нысаны | Норма |
1 | Сабақтарға және сыныптан тыс іс-шараларға қатысу және оларды талдау | Айына 2-3 сабақ (мектеп директорлары үшін) Айына 8-10 сабақ (директордың орынбасарлары үшін); |
2 | Сынып журналдарын тексеру | Тоқсанына 1 рет |
3 | Білім алушылардың күнделіктерін тексеру | Тоқсанына 1 рет |
4 | Пәндер бойынша оқу бағдарламаларының орындалуын тексеру | Тоқсанына 1 рет, жылына 4 рет |
5 | Білім алушылардың жеке істерін тексеру | Жылына 2 рет (сынып жетекшілері үшін) |
6 | Пәндер бойынша тақырыптық және күнтізбелік жоспарларды тексеру | Жылына 2 рет |
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқу процесіне қатысушыларды кешенді қолдауды Академия сайты (www.nao.kz) қамтамасыз етеді. Мұғалімдерге көмек ретінде сайттың келесі бөлімдері ұсынылады:
Білім беру қызметін ұйымдастыру кезінде жалпы білім беру ұйымдары басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтындағы (http://www.adilet.gov.kz) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйе» (http://adilet.zan.kz) блогында орналастырылған.
Жаңартылған білім мазмұнына көшетін мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы НЗМ сайтында ұсынылған (smk.nis.edu.kz сілтемесі арқылы кіру) Жүйелі-әдістемелік кешенді (ЖӘК) әзірледі.
Назар аударыңыз!
2018-2019 оқу жылында 9,10-сыныптарға арналған білім мазмұны жаңартылған оқу бағдарламаларының, оқулықтардың және ОӘК апробациясы жүзеге асырылады.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі пилоттық мектептердің тізімін дайындауда.
Пилоттық мектептер бойынша оқулықтардың рұқсат қағазын, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен ОӘК апробациясының мониторингін өткізу жөніндегі материалдар пилоттық мектептердің тізімдері бекітілгеннен кейін мектептерге жіберіледі.
Оқулықтарды баспалар тамызда, оқу жылының басына дейін жібереді.
Назар аударыңыз!
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында және орта білім беру ұйымдарының бастауыш сыныптарында ата-аналар өткізетін балалардың туған күндерін қоса алғанда, мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде тек сол білім беру ұйымдарының қызметкерлері, балалардың ата-аналары шақырылады. Басқа жақтан адамдарды, соның ішінде аниматорларды, түсірілім және т.б. жасайтын кәсіпқой операторларды шақыру ұсынылмайды.
Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің назарына!
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық іс-шаралардың: футбол және басқа да спорттық ойындар бойынша жарыстардың қорытындысын, мектепішілік спартакиадалардың, республикалық және халықаралық сайыстарда жүлде алған мектеп оқушыларының жеңістерін кеңінен жариялау ұсынылады. Мектеп оқушыларының спорттық жетістіктері ілінетін стенд үнемі жаңартылып отыруы тиіс.
2018-2019 оқу жылында өмір қауіпсіздігінің негіздеріне (бұдан әрі –ӨҚН) қатысты мәлімет
2018-2019 оқу жылында орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы) «Өмір қауіпсіздігінің негіздерін» (бұдан әрі – ӨҚН) міндетті түрде оқыту қамтамасыз етілуі тиіс, бұл ретте білім алушылардың төтенше жағдайларда (өрт, жер сілкінісі және т.б) практикалық дағдыларының қалыптасуына ерекше назар аударылуы тиіс.
Осыған байланысты «ӨҚН» курсын оқыту:
– 1-4-сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының аясында;
– 5-9-сыныптарда – «Дене шынықтыру» пәні аясында;
– 10-сыныптарда «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында жүзеге асырылады.
Бұл ретте «ӨҚН» курсы бойынша өткізілген тақырыптар, міндетті түрде, мектеп журналына жазылуы тиіс.
2018-2019 оқу жылында «ӨҚН» курсы бойынша жаңа білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды бастау жоспарлануда. Осы мақсатта барлық мүдделі министрліктер(ҚР ІІМ, ҚР ДМ, ХҚК және тб.) жұмыс тобымен «ӨҚН» жаңа бағдарламасын қайта қарау және бекіту жұмыстары жүргізілуде.
Жаңа оқу бағдарламасына сәйкес ӨҚН-нің әр тақырыбын «Дүниетану», «Дене шынықтыру» және «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәндерімен байланыстыру қарастырылады, бұл білім беру курсынның оқу міндеттілігін қамтамасыз етеді.
2019-2020 оқу жылында жалпы білім беру мектептерінде «ӨҚН» курсы 10-сыныпта «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» жаңа пәнінің аясында оқытылады.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу бағдарламалары бекітілгеннен кейін 2018-2019 оқу жылының басталуына дейін барлық білім беру басқармаларына жіберіледі.
Жаңа оқу жылында республиканың барлық жалпы білім беру мектептеріне «Бір-бірімізге жақын тұрып, зиянды әдеттерден аулақ жүрейік» профилактикалық бағдарламасын енгізу қарастырылып жатыр.
Аталған профилактикалық бағдарлама 2016-2017 жылы республиканың жалпы білім беру мектептерінде апробациядан өткізілді және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сараптама нәтижесі бойынша жалпы білім беру мектептерінің оқу-тәрбие процесінде қолдануға ұсынылады.
Профилактикалық бағдарлама ата-аналармен жұмыс істеуге арналған және сынып жетекшісі өткізетін үш кездесуден тұрады.
Ата-аналарға арналған сабақтар, оқушылардың үлгерімі немесе басқа да мәселелер қарастырылатын, жоспарланған ата-аналар жиналыстарымен бір уақытта өткізілмеуі тиіс. Өткізу мерзімділігі– тоқсанда 1 рет.
Сынып жетекшілеріне көмек ретінде төмендегідей әдістемелік материалдар әзірленді:
– «Ата-аналармен жұмыс жүргізу бағдарламасы»;
– «Ата-аналарға арналған кітапша».
Сынып жетекшілеріне көмек ретінде «Бір-бірімізге жақын тұрып, зиянды әдеттерден аулақ жүрейік» профилактикалық бағдарламасы ҚР ББМ сайтына орналастырылады.
Оқу жүктемесін азайту туралы
Соңғы кездері жалпы білім беретін мектептерде педагогикалық және оқу жүктемесін қысқарту жөнінде ҚР Білім және ғылым министрлігі жұмыс жүргізуде.
Педагогикалық жүктемеге қатысты мәліметтер (мұғалімдердің жүктемесі).
1. Министрлік алқасының 2017 жылғы 24 ақпандағы кеңейтілген отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев педагог қызметкерлерді Қазақстан Республикасы заңдарында қарастырылған жағдайлардан басқа мұғалімнің жұмысына қатысы жоқ, өз кәсіби міндеттерін орындаумен байланысы жоқ жұмыстарға қатыстырмауды реттейтін ережелер жобасын әзірлеуді қамтамасыз ету тапсырмасын берді.
Осы тапсырмаға сәйкес білім туралы Заңға тиісті тармақ енгізілді: 51-бап, 4-т.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру және мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрықпен «Орта білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің жекелеген санаттарының жүргізуі үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін анықтау туралы» бұйрық шығарылды.
Аталған бұйрыққа сәйкес мұғалімдер артық қағаз есептерінен босатылған. Бұл бұйрық бойынша кез келген бақылау органдары мұғалімнен келесі құжаттарды талап етуге құқылы:
Сонымен қатар сынып жетекшісінің қызметін атқарып жүрген мұғалімдер, директордың орынбасарлары артық құжаттардан босатылған.
Оқу жүктемесіне қатысты мәліметтер
1. Халықаралық практика зерделенді. Біздің оқушыларымыздың оқу жүктемесі шын мәнінде әлем бойынша ең жоғарғылардың бірі болып отырғанын талдау көрсетіп отыр. Егер ТМД елдерінің жалпы білім беретін мектептерінің ең көп апталық оқу жүктемесімен салыстыратын болсақ, 2-3 сағат айырмашылық байқалады, ал ЭЫДҰ елдерінің ең көп апталық оқу жүктемесімен салыстыратын болсақ, айтарлықтай көп.
Мысалы, барлық орта білім беру деңгейі бойынша жалпы сағат саны аптасына Францияда – 84 сағат, АҚШ-та да – 84 сағат, ал Қазақстанда – 100 сағатты құрайды.
2. Оқушылардың жүктемесін азайту барысында үй тапсырмасын ұйымдастыру мен орындау бойынша ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 182 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарының Әдістемелік нұсқаулықтарын әзірлеу ең бірінші қадам болып отыр. Осыған сәйкес орындауға жұмсалатын үй тапсырмасының көлемі мен уақыты екі есе азайып отыр.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау аясында барлық сыныптарда жүктемесі азайтылған Үлгілік оқу жоспарларының (бұдан әрі – ҮОЖ) жобасы әзірленді.
ҮОЖ жобалары білім басқармасы басшыларының, әдістемелік орталықтар/кабинеттер жетекшілерінің, мектеп директорларының, директор орынбасарларының, практик-мұғалімдердің қатысуымен 9 республикалық кеңесте қаралды.
Бұдан бұрын ҮОЖ жобалары Білім және ғылым министрлігініңМектепке дейінгі және орта білім департаменті, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, «Мектепке дейінгі балалық шақ» ММ қызметкерлерінің қатысуымен республиканың барлық аймақтарында талқыланған.
Өңірлерде өткен семинар-кеңестің жұмысына 2500-ден астам адам қатысты.
Жалпы, жүктемесі азайтылған ҮОЖ жобаларын педогогикалық қоғамдастық қолдады.
Бастауыш сыныпта жүктеменің азаюы: 1, 2-сыныптарда – аптасына 2 сағат, 3, 4-сыныптарда –3 сағатты құрайды.
Жүктемесін азайтуға болатын пәндерді анықтауда, ең алдымен, коммуникативтік оқытуға бағдарланған екінші тілді оқытудың жаңа әдістемесі ескерілді. Бұл оқушылардың тілдік теорияны жаттауға емес, екінші тілде қарым-қатынас жасауды жүзеге асыру дағдыларына ие болады дегенді білдіреді.
Осыған байланысты, білім мазмұны жаңартылған оқу бағдарламаларын әзірлеуде коммуникативтік оқытуға бағдарлану грамматикалық материалдарды айтарлықтай азайтуға жол ашты.
Сондай-ақ 1-11-сыныптарда дене шынықтырудың 3 сағатының 1 сағаты вариативке қосылды, бұл сағат міндетті түрде өткізілуі тиіс, бірақ тек спорт ойындарына, хореография немесе ритмикаға беру ұсынылады.
Сөйтіп, бастауыш сыныптарда жүктемені азайту дамыту түріндегі жеке және топтық сабақтарды алып тастауға байланысты болды, өйткені бастауыш сыныптарда ең алдымен, бағдарламаның негізгі материалын меңгерту маңызды. Орыс тілінде оқытылатын сыныптарда екінші тіл ретінде қазақ тілінің сағат саны: 2-сыныпта 3-тен 2-ге дейін, 4-сыныпта 4-тен 3-ке дейін азаяды.
3, 4-сыныптарда жаратылыстану жүктемесі 2 сағаттан 1 сағатқа дейін қысқартылады. Мазмұны жаңартылған бағдарлама бойынша «Жаратылыстану» пәні бастауыш мектептің курсына енгізілген. Бұдан басқа, егер бұрын ол тек 5-сыныпта оқытылса, енді 1-ден 6-сыныпқа дейін оқытылады.
Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда да, оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарда да мемлекеттік тілді оқытуға бөлінген сағат санына байланысты жүктемені азайту жеңіл түрде қаралады.
Негізгі мектепте 5-7–сыныптарда жүктеме 3 сағатқа, 8-9-сыныптарда 4 сағатқа азайтылды. Инварианттық жүктеме барынша азайтылды, оқушыларға тереңдетіп оқу үшін пәндерді таңдауға мүмкіндік беріледі.
Қазіргі уақытта 5-9-сыныптарда бейіналды даярлық жүргізілмейді, қабілеті әртүрлі балаларға арналған бір Үлгілік оқу жоспары жасалады, яғни гуманитар-балалар физика, химия, биологияны нақты, техникалық ғылымдарға бағытталған балалармен бірдей көлемде оқиды. Сондықтан 5-9-сыныптарда ҮОЖ әзірлеу барысында инварианттық компонентте жаратылыстану циклі пәнін меңгеруге бөлінген сағаттар саны қысқартылып қалды. Алайда, 7-9-сыныптардың бағдарламасына таңдау бойынша пәндер: инвариантты компоненттен таңдау бойынша бірінші пәнге - 2 сағат, инвариантті компоненттен таңдау бойынша екінші пәнге - 2 сағат, инвариантті компоненттен таңдау бойынша үшінші пәнге - 2 сағат енгізілді.
Сөйтіп, оқушының қосымша үш пәнді таңдап алуына мүмкіндік туады, бірақ ол пәндер инвариантты компоненттің тізімінен алынуы тиіс. Егер оқушы, мысалы, физика, химия, биология пәндерін таңдайтын болса, бұл 2 сағат инвариантты компоненттің 1 сағатына қосылады. Сөйтіп, білім алушы бұл пәндерді 3 сағат көлемінде, яғни қолданыстағы ҮОЖ-мен салыстырғанда көбірек көлемде оқиды.
Оқушының тереңдетіп оқуы үшін тілдік цикл пәндерін де таңдап алуға мүмкіндігі бар. Мысалы, егер оқушы мемлекеттік тілді, Мемлекеттік білім беру стандарты қамтамасыз ететін деңгейден де жоғары деңгейде білгісі келсе, Мемлекеттік стандартта әр пән бойынша инвариантты компоненттердің сағаттарына сәйкес минимум көрсетілетіндіктен, ол қазақ тілін екінші тіл ретінде таңдай алады.
Қазақстан тарихы бойынша сағаттарға қатысты мәселелер. Білім мазмұнын жаңарту аясында Қазақстан тарихынан бұрын 5-сыныпта берілетін әңгімелер, енді бастауыш мектептің «Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасына ішінара енгізілген, 5-сыныптан бастап Қазақстан тарихы – ежелгі Қазақстан тарихын, 6-сыныпта – орта ғасыр тарихы, 7-сыныпта – жаңа заман, 8, 9-сыныптарда - қазіргі заман тарихын жүйелі оқыта бастайды.
Қолданыстағы Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт бойынша қазіргі заман 9-сыныпта оқытылады және оған 2 сағат бөлінеді. Сөйтіп, жалпы Қазақстан тарихының сағаттары қысқартылған жоқ.
Назар аударыңыз!
5-9-сыныптар үшін Үлгілік оқу жоспарларының 9 нұсқасы құрастырылды, мұнда инвариантты компоненттен пәндерді қиыстыру (комбинация) нұсқалары ұсынылады.
Нұсқаларды жүйелеу ҰБТ аясында пәндерді таңдауға бағдарланған.
10, 11-сыныптарда ең жоғары жүктеме 39 сағаттан 35 сағатқа дейін қысқартылады.
Жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11-сыныптарда алгебра және анализ бастамалары 4-тен 3-ке дейін (жоғары математиканың элементтерін шығарып тастау керек), қазақ тілі мен әдебиеті 5-тен 3-ке дейін (негізгі мектеп курсында білім алушылар қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдыларына ие болуы тиіс), ағылшын тілінен 3-тен 2 сағатқа дейін (ағылшын тілінде оқытылатын пәндер қосылады), Қазақстан тарихы 2-ден 1 сағатқа дейін қысқартылуы мүмкін. Қазақстан тарихы курсында «Өркениет: даму ерекшеліктері», «Этникалық және әлеуметтік-саяси процестер», «Мемлекет тарихы және қоғамдық-саяси ойдың дамуы», «Мәдениет, білім және ғылымның дамуы» бөлімдері оқытылады. Мұнда негізгі мектепте оқытылған материалдар жинақтап қорытылады, сондықтан 1 сағат жеткілікті.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда алгебра және анализ бастамалары 3-тен 2-ке дейін, информатика 2-ден 1 сағатқа дейін, әдебиет 3-тен 2 сағатқа дейін, қазақ тілі мен әдебиеті (5-тен 3 сағатқа дейін) қысқартылады.
Сонымен қатар 10-11-сынып оқушыларына пәндерді таңдау ұсынылады: 2 пәнді үш сағат оқыту, бір пәнді 2 сағат оқыту.
Гимназия/лицейлердің де жүктемесі өзгертілді. Бастауыш сыныптарда гимназия компонентін 8,5 сағаттан 4 сағатқа дейін, 5-11-сыныптарда 5 сағатқа қысқарту ұсынылады. Бірінші сыныптың жүктемесі 26 сағатты құрайды (32,5 болған), екінші сыныпта – 27 (33,5), 3-4-сыныптарда – 30 сағаттан (37,5 болған) тұрады.
5-сыныптың жүктемесі 34 сағатты (40,5), 6-сыныпта – 35 сағатты (41,5), 7-сыныпта – 36 сағатты (42,5 сағат болған), 8-сыныпта – 37 сағатты (44,5), 9-сыныпта – 39 сағатты (46,5) құрайды.
10 мен 11-сыныптарда жүктеме 40 сағаттан (47,5 сағат) тұрады.
Гимназиялық компоненттің Үлгілік оқу жоспарының инварианттық бөліміне кіруі маңызды. Бірақ, гимназия оқушыларының да таңдауға мүмкіндігі болуы үшін гимназиялық компоненттен ҮОЖ вариативті бөліміне бір сағаттан енгізілді.
Назар аударыңыз!
2018-2019 оқу жылында міндетті түрде жүктемесі қысқартылған Үлгілік оқу жоспарына тек жекелеген мектептер көшеді. Қазіргі уақытта мектептердің тізімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіанықтауда. Бұл, негізінде, жан басына қаржыландыруды сынап көретін жеке ұйымдар мен мектептер.
Республиканың қалған барлық мектептерінің ҮОЖ таңдап алуға құқығы бар, мектептер сол бойынша: не қолданыстағы ҮОЖ жүктемесін қысқартусыз, не ұсынылған нұсқалар бойынша оқытады.
Бұл ретте негізгі орта білім беру деңгейінде мектептердің бір нұсқаны таңдап алуға мүмкіндігі бар. Таңдауды педагогикалық ұжымның, білім алушылардың, ата-аналар комитетінің, Қамқоршылық кеңесінің пікірін ескере отырып жүзеге асырады.
Әр пән бойыншаоқу бағдарламалары мазмұнының көлемі және қысқартылған жүктеменің оқу сағаттарын байланыстыру бойыншаӘдістемелік ұсынымдамалар тамыз кеңесіне дейін барлық білім беру басқармаларына жіберіледі.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы орта білім беретін ұйымдарға барып оқи алмайтын азаматтар үшін үйде немесе стационарлық көмек көрсететін, сондай-ақ қалпына келтіру, емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.
Назар аударыңыз!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы үйде оқытылатын білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарын әзірледі.
Сонымен қатар, кешкі мектептер үшін (күндізгі оқу түрі – 7-11 сыныптар, кешкі оқу түрі – 9-11-сыныптар, кешкі оқу түрі бойынша жеке оқыту – 1-6-сыныптар) Үлгілік оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын және білім беру ұйымдарынан тыс уақытша оқып жүрген білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарларын әзірледі. Меңгерілген тәжірибені есепке ала отырып, білім беру ұйымдарынан тыс жеке оқыту үшін қосымша Үлгілік оқу жоспары әзірленді.
Назар аударыңыз!
Қазіргі уақытта аталған Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалар бекітуге дайындалып жатыр. 2018-2019 оқу жылында барлық білім беру басқармаларына жіберілетін болады.
Білім беру ұйымының жұмысын 2018-2019 оқу жылына дер кезінде жоспарлауды қамтамасыз ету мақсатында кешкі мектептер, үйде оқытылатын білім алушылар және білім беру ұйымдарынан тыс уақытша оқып жүрген білім алушылар үшін Үлгілік оқу жоспарлары ӘНХ-ға қосымша беріледі.
Республика мектептерінің бескүндік оқуға көшуі
Ұсынылған жүктемеге сәйкес 1-ден 11-ге дейін барлық сыныптар бескүндік оқу аптасына еркін көше алады.
2016 жылдың 25 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті алтыншы шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында: «Біз ЭЫДҰ-мен интеграцияланудамыз, бұл ретте біз дәйекті болуға тиіспіз. Барлық дамыған елдердің мектептерінде бес күндік оқыту аптасы қалыптасқан. Балаға қалпына келуге, педагогқа демалып, сабаққа дайындалуға мүмкіндік беріледі. Кейбір елдерде тіпті төрт күндік оқыту аптасы да бар. Мұндай форматқа көшу – бүгінде дамыған елдердің жалпыәлемдік үрдісі (тренді). Ғалымдар қазірдің өзінде оқыту аптасының ұзақтығын қысқарту оқытудың нәтижелілігін арттыратынын ғылыми тұрғыдан дәлелдеген. Бізге де осы тәжірибені енгізу керек. Білім және ғылым министрлігі бұл үдерісті тым болмаса бастауыш мектептерден бастауы керек»,- деп атап өтті.
Республика мектептерінде бескүндік оқытуға көшу жұмысы жаңартылған білім мазмұнына көшумен бір мезгілде басталды. 2016-2017 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына бірінші сыныптар, 2017-2018 оқу жылында 2, 5, 7- сыныптар көшкен болатын.
2017-2018 оқу жылында сабақ ұзақтығы 40 минут болғандықтан, бескүндік оқу аптасына 1-ден 11-ге дейін барлық сыныптардыкөшіру ұсынылды. Бескүндік оқу аптасы туралы шешімді әр мектептің әкімшілігі қабылдап, Қамқоршылық кеңесімен және ата-аналар комитетімен келіседі.
Облыстық және қалалық білім басқармаларының мәліметтері бойынша 2017-2018 оқу жылында республиканың 7054 мектебінен 6708 мектеп бескүндік оқытуға көшкен, бұл 95%-ды құрайды (1-кесте).
2-кесте – Республика бойынша бескүндік оқытуға көшкен мектептер саны, өңірлер бойынша
№ |
Облыс, қала | Барлық мектептер саны |
Оның ішінде | Оның ішінде бескүндік оқытуға көшкен мектептер саны | ||||
Бастауыш мектеп | Основная школа | Орта мектеп | Бастауыш мектеп |
Негізгі мектеп |
Орта мектеп | |||
1 | Ақмола | 565 | 68 | 154 | 343 | 59 | 150 | 343 |
2 | Ақтөбе | 410 | 34 | 82 | 294 | 33 | 81 | 236 |
3 | Алматы | 758 | 66 | 60 | 632 | 65 | 60 | 597 |
4 | Атырау | 193 | 12 | 7 | 174 | 12 | 7 | 171 |
5 | Шығыс-Қазақстан | 657 | 51 | 116 | 490 | 50 | 115 | 482 |
6 | Жамбыл | 450 | 61 | 34 | 355 | 61 | 34 | 322 |
7 | Батыс- Қазақстан | 381 | 70 | 70 | 241 | 70 | 70 | 235 |
8 | Қарағанды | 515 | 49 | 90 | 376 | 49 | 80 | 312 |
9 | Қостанай | 514 | 89 | 114 | 311 | 89 | 114 | 311 |
10 | Қызылорда | 293 | 8 | 26 | 259 | 8 | 26 | 242 |
11 | Маңғыстау | 134 | 8 | 4 | 122 | 8 | 4 | 122 |
12 | Павлодар | 371 | 27 | 68 | 276 | 27 | 68 | 276 |
13 | Солтүстік- Қазақстан | 497 | 67 | 108 | 322 | 67 | 108 | 313 |
14 | Оңтүстік- Қазақстан | 1029 | 100 | 77 | 852 | 97 | 75 | 786 |
15 | Астана қаласы | 84 | 2 | 0 | 82 | 2 | 0 | 69 |
16 | Алматы қаласы | 203 | - | 3 | 200 | - | 3 (1-7 сын) | 112 (1-7 сын), 87 (1-4 сын) |
Барлығы | 7054 | 712 | 1013 | 5329 | 697 | 995 | 5016 | |
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалау жүйесіне көшу қарастырылған.
2018-2019 оқу жылында 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8-сыныптар жаңа бағалау жүйесі бойынша жұмыс жасайды. Бағалаудың жаңа жүйесі білім алушылардың өз әрекетін бақылау және бағалай білу, туындайтын қиындықтардың себептерін анықтау және жоя білу қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқыту процесі білім алушылардың функционалдық сауаттылығын және кең спектрлі дағдыларын қалыптастыруға бағытталады.
Білім алушының жеке тұлғасы емес, жұмысы ғана бағаланады; білім алушының жұмысы басқа білім алушылардың жұмысымен емес, оларға алдын ала белгілі (өте жақсы орындалған жұмыс үлгісімен) эталонмен салыстырылады. Оқыған материалдары негізінде ғана бағалау керек, сондықтан да бағалау критерийлері – оқу мақсаттарының нақты көрінісі.
Мұғалімге критериалды бағалауды оқу процесін неғұрлым тиімді ұйымдастыру үшін, білім алушыларға уақытылы қолдау көрсету және олардың оқудағы жетістіктерін қамтамасыз ету үшін, мүдделі тараптарға оқудың нәтижелері туралы ақпарат беру үшін қолдану ұсынылады. Мұндай бағалау жүйесі ең алдымен балаларды оқуда табысқа жетуге ынталандыруға, білімдегі кемшіліктерді анықтауға және олардың жетістіктерін көрнекі түрде көрсетуге бағытталған.
Білім алушы мен мұғалім жеке және бірлесіп одан әрі даму үшін алдағы іс-әрекеттердің жоспарын әзірлей алады.
Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалауды және ішкі жиынтық бағалауды қамтиды.
Барлық жаңа дүние сияқты, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесі педагогтердің да, ата-аналардың да тарапынан біркелкі қабылданбады. Сұрақтар жыл бойы туындап отырды.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі:
- оқыту мен бағалаудың бірлігіне негізделеді;
- білім алушылардың үлгерімі мен жетістігін қамтамасыз етуге тұтастық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған;
- оқу бағдарламаларына сәйкес оқыту мақсаттарының орындалуын және білім алуы мен дағдыларының дамуы дәлелдемелерін жинауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
- әр сынып үшін пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұны негізінде бағалаудың әртүрлі әдістері мен түрлерін қамтиды.
Критериалды бағалау жүйесі оқытудың, оқу мен бағалаудың өзара байланыстарына негізделгенін есте ұстаған жөн. Критериалды бағалаудың нәтижелері білім беру процесін тиімді жоспарлау мен ұйымдастыру үшін қолданылады.
Критериалды бағалау білім алушылардың дағдыларын дамыту дәрежесін бағалауға ықпал етеді.
Әр сабақ оқу мақсаттарын көрсету мен айтудан және оған жетудің критерийлерін таныстырудан басталуы керек. Білім алушы қойылған оқыу мақсаттарын түсінуге, оны ой елегінен өткізіп, оған қалай жету керектігін білуі қажет.
Критериалды бағалау технологиясы білім алушылардың жетістіктерін нақты анықталған, алдын ала танылған критерийлермен салыстыруға негізделген, осы немесе басқа оқу материалын қалай игергенін, бұл немесе басқа практикалық дағды қалай қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір білім алушының дайындығының жалпы деңгейіндегі өзгерістерді де, бұрынғы жетістіктерімен салыстырғанда оның жетістіктерінің динамикасын да атап өту маңызды.
Әр сабақта мұғалімге бағалау элементтерін қолдану және білім алушыларға уақытылы қолдау көрсету, оларды оқытудың жетістіктерін қамтамасыз ету, мүдделі тараптарға оқытудың нәтижелері туралы ақпарат беру ұсынылады. Мұндай бағалау жүйесі балаларды оқуда табысқа жетуге ынталандыруға, білімдегі кемшіліктерді анықтауға және олардың жетістіктерін көрнекі түрде көрсетуге бағытталған.
Критериалды бағалау жүйесінің ең басты артықшылығы – білім алушыға түсер күйзелісті азайту болып табылады.
Критериалды бағалау білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастырады, оқытуда достық ортаны құруға, білім алушылардың оқуға деген ықыласын арттыруға, зерттеушілік және шығармашылық қызметке қатысуға мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау жүйесінде білім алушылар іс-әрекеттің субъектісі ретінде әрекет етеді. Мұғалімге мақсатқа бағытталған белсенділікті, бастамашылықты, мақсатқа жетудегі дербестікті, таңдау жасай білуді, рефлексияға қабілеттілікті, жауапкершілікті ұстану маңызды.
Білім алушылар бағалар санын жинақтауға ғана ұмтылмауы керек. Алайда, білім алушылардың жетістіктерін бағалау мазмұнды, көп жоспарлы болуы керек. Бағалау процесіне білім алушылар да қатыстырылады.
Бағалаудың жаңа жүйесі мұғалімнің ата-аналармен тығыз байланысын және ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолдайды.
Білім алушылардың ата-аналарына жаңа бағалау жүйесінің мақсаты мен негізгі принциптері түсіндіріледі, ата-аналарға арналған шеберлік-сыныбы мен тренингтер өткізіледі.
Мұғалім ата-аналармен дескрипторларды алдын ала талқылап, критерийлері бұрыннан белгілі тапсырмаларды таратып, ата-аналармен топта және жұпта жұмыс істей отырып, ата-аналар жиналысын сабақ формасында өткізе алады. Сабақта ата-аналарға балалары сияқты өздерін бағалауға, өзара бағалауға, нәтижелерін талқылауға мүмкіндік береді.
Бағалаудың жаңа жүйесі ыңғайлы және достық қарым-қатынас ортасын құруға ықпал ететіндігін түсіндіру маңызды болып табылады.
Мұғалім бағалауды жүргізу барысында тек мұғалімдерге ғана емес, сондай-ақ ата-аналар мен білім алушыларға да көмек ретінде әзірленген әдістемелік материалдар кешенін міндетті түрде қолдануы тиіс:
Бұл әдістемелік құралдарды nao.kz, smk.edu.kz сайттарынан таба аласыздар.
Мұғалімнің бағалау қызметі – бағалау критерийлерін іріктеу, әзірлеу және қолдану, бақылау мен бағалау тәсілдері.
Білім алушының бағалау қызметін жүзеге асыру үшін мұғалім:
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау үшін мұғалім:
1) бағалау үшін оқыту мақсаттарының тізбесін анықтауы;
2) бағалау деңгейлерін анықтауы (Блум таксономиясына сәйкес);
3)бағалау критерийлерін әзірлеуі (оқыту мақсаттарына сәйкес);
4) білім алушылардың санын және кері байланыс беру жиілігін анықтауы;
5) үйде оқитын білім алушылар үшін үйде оқыту жүктемесін және оқытылған оқу материалын ескере отырып, сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды әзірлеуі;
6) сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды қолдануы, сондай-ақ ерекше білімге қажеттіліктері бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізуі;
7) жиынтық бағалаудың нәтижелері бойынша ата-аналар жиналыстары барысында кері байланыс немесе рубрикалар түрінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы ақпарат беруі қажет.
Критериалды бағалау мұғалімге бірқатар негізгі нұсқауларды жобалап түсіндіреді:
1. Білім алушының жеке тұлғасы емес, жұмысы ғана бағаланады;
2. Білім алушылардың жұмыстары басқа білім алушылардың жұмыстарымен емес, тек жақсы орындалған жұмыс үлгісімен салыстырылады.
3. Нақты тапсырмалардың әртүрлі формаларын қолдану және мінсіз орындаған тапсырмалардың нақты және айқын сипаттамаларының болуы;
4. Бағалау критерийлерінің білім алушыларға алдын ала белгілі болуы;
5. Өзін-өзі бағалау білім алушылардың рефлексиясын да көрсетеді. Рефлексия білім алушылардың тұлғасын дамытудың міндетті шарты болып табылады;
6. Өзін-өзі бағалауға көшуге тырыса отырып, білім алушыларды бағалау процесіне қосу;
7. Оқыған материалдары негізінде бағалау. Бағалау критерийлері оқыту мақсаттарына сәйкес болуы тиіс.
Оқыту мақсаттарының құрылымында білім алушылардың іс-әрекеттері көрсетілген: байқау, талдау жасау, салыстыру, маңызды белгілерді бөлу, тану, анықтау, үлгілеу, түсіндіру және т.б.
Нәтижелерді бағалау критерийлері білім алушылардың дайындық деңгейінің мұғалім ұсынған талаптарға сәйкестігін белгілеуге, оқыту процесіне түзету енгізуге, жұмыстың күрделілігі деңгейін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.
8. Оқу жетістіктерін тексеру немесе өздігінен тексеруге арналған критерийлерді білім алушылармен бірлесіп әзірлеуге болады.
9. Сабақ барысында білім алушылардың оқу жетістіктерін өздері бағалауын ұйымдастыруды ойластыру және оқу тапсырмаларын таңдау маңызды.
10. Мұғалімге сабақта білім алушылардың өздерінің бағалауларын салыстыру үшін мүмкіндік беру, өз қателіктерінің себебін табу үшін рефлексия ұйымдастыру ұсынылады.
11. Балалардың түзету жұмыстарын ұйымдастыру.
Өзін-өзі бағалау:
- білім алушылардың бағалау критерийлерін түсіну;
- бағалау тәсілдерін меңгеру.
Өзін-өзі бағалаудың басты мәні білім алушылардың өзін-өзі бақылауынан, өзін-өзі реттеуінен, өздерінің оқу жетістіктерін тәуелсіз сараптауынан тұрады.
Өзін-өзі бағалау:
Өзін-өзі бағалау мұғалімнің бағалауының алдында өткізілуі тиіс.
Өзін-өзі бағалау түрлері мен қалыптастыру тәсілдері.
Болжамды өзін-өзі бағалау оқу тапсырмасын орындау алдында жүзеге асырылады. Білім алушы нені жақсы орындай алатынын, не қиындық тудыратынын, нені орындай алмайтынын анықтайды. Яғни, бұл жеке тапсырмаларды орындауда өзінің мүмкіндіктерін өзіне қарай болжау. Болжамды бағалау жиынтық жұмыстарға дайындау кезеңінде тиімді болады. Балалар мұғаліммен бірге оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін жасайды. Оларға сәйкес, мұғалім тиісті тапсырмаларды жасайды және таңдайды. Оқушылар критерийлермен БЖБ және ТЖБ басталғанға дейін танысуы керек. Бұл жағдайда, оқушылар үнемі сол критерийлерге сүйенеді және жиынтық жұмысқа дайындық барысында өздерінің мүмкіндіктерін бағалайды.
Білім алушы қандай критерий бойынша өзін-өзі бағалауды төмендеткенін немесе жоғарылатқанын анықтайды, айырмашылық себептерін табуға тырысады, сондай-ақ өзінің қателерінің себептерін табады.
Болжамды бағалауды тапсырмаларды орындау алдында, жаңа материалды меңгеру кезеңінде де қолдануға болады. Мазмұнды өзін-өзі бағалау жақсы сараланған, оқу қызметінің сапалы өзін-өзі талдауын, оның нәтижесін қамтамасыз етеді.
Басында мұғалім білім алушыларға оқу жетістіктерін бағалаудың критерийлерін ұсынады. Әрі қарай білім алушыларды осы үдеріске қатыстырады.
Критерий бойынша өзін-өзі бағалауды үйрену білім алушыларға оқу материалдарын саналы түрде меңгеруге мүмкіндік береді.
Өзін-өзі бағалау тек оқу жетістіктеріне ғана емес, сондай-ақ жалпы білім беру дағдыларына да әсер етуі мүмкін. Бастауыш мектептің негізгі міндеттерінің бірі – білім алу мүмкіндігі. Топта жұмыс істеу, ақпарат іздеу, сұрақтар қою, байқау, ынтымақтастық қабілетін қалыптастырусыз мүмкін емес. Оқыту кезеңінде және бастауыш мектептегі жалпы білім беру процесінде жалпы білім қабілеттерін қалыптастыру процесі бақыланатын болады.
Бірінші сыныпта білім алушыларға бағалау құралдарын қолдану, бағалау критерийлерін таңдау, олардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерімен байланыстыруды үйрету жеткілікті. Алдымен білім алушылар өзінің жұмысын өлшемдермен салыстыруға үйренеді. Өлшемдерге әріптер мен сандарды жазу үлгісі жатады. Бағалаудың сәйкес келмеуі рефлексияның мәні болып табылады. Диалог барысында білім алушы өз қателерінің себебін түсінуге, әрекет алгоритмі туралы айтуға, өлшемшартқа жету үшін не істей алатынын және істеу керектігін түсінеді.
Критерийлерге пәндік және жалпы білім дағдылары жатады.
Бастауыш мектепті бітіруші «Математика» пәнін оқу барысында төмендегідей пәнді жалпы білу іскерлігі қалыптасуы тиіс: математикалық моделдеудің, мәтіндік (сюжеттік) тапсырмаларды шешу әдістері. Математикалық модельдеу оқушылардың нақты пәндік дағдыларды біртіндеп меңгеруін білдіреді: сызба, формулалар (теңдеу), сандық өрнек, тапсырманы кесте, сызбанұсқа ретінде көрсету, бір моделден екіншіге өтуді жүзеге асыра білу қабілеті. Сонымен қатар, бастауыш мектеп бітірушісі мәтіндік тапсырманы 1-2 әрекетте ғана шешіп қоймай, мәндердің берілген мәндері мен олардың арасындағы байланыс үшін, тапсырманы тұжырымдай білу (кем дегенде 1 әрекетте) керек.
«Жаратылыстану» пәнін оқыту барысында төмендегідей дағдылар қалыптасуы қажет:
- нысандар арасына қарамастан байланыстар орнату, нысандардың өмір сүру және даму жағдайларын сипаттау;
- жіктеу, нысандарды салыстыру, уақытты анықтау және кеңістікті сипаттау;
- ғылым әдістерін қолдану, ең басты байқау әдістерін, өлшеуді жүргізе білу.
Тапсырмаларды іріктеу үшін мұғалімге келесі ұсыныстарды ұсынамыз:
- «Мәтінді пайдаланып, Арал теңізінің түбі біртіндеп тұз шөліне айналатынын түсіндіріңіз? (4 сөйлемнен көп болмауы тиіс)»;
Мұғалім білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін еркін таңдай алады. Әліппені аяқтаған соң, балалар оқу бағдарламасында талап етілетін нәтижеге қол жеткізгені маңызды. Сыныптағы балалардың дайындық дәрежесі, олардың оқуға қабілеттілігіне байланысты мұғалім белгілі бір уақыт аралығында аралық нәтижелерге қол жеткізе алады. Бұл ретте жетістіктерді бағалау үшін осындай критерийлерді таңдау қажет, сондықтан қажетті (негізгі) нәтижені барлық сынып оқушылары көрсете алуы керек. Басқа критерийлер барлық белгілі бір мерзімге қосымша ретінде қабылданады. Көпшілікбілім алушыларды қосымша критерийлермен бағалауға болады, бірақ барлық білім алушылардың 100% әрі қарай оқуда табысқа жету үшін негізгі критерийлерге сәйкес нәтижелерін жеткілікті көрсету қажет.
Бірінші сыныптағы бағалау қызметін ұйымдастыру әдістерін қарастырамыз.
Бастапқыда критерий үлгі болады. Мұғалім әріптер элементінің дұрыс жазылуын көрсетеді, балаларды сөзбен қайталап айтуды және олардың оқу нәтижесін үлгіге (өлшемшартпен) сәйкес бағалауды сұрайды.
Білім алушының өздігінен бағалауынан кейін бағалауды мұғалім жүргізеді.
Бағалаудың сәйкессіздігі рефлексияны тудырады: менің бағалауым неге мұғалімнің бағалауымен сәйкес келмеді? Мен әріптің қай элементін қате жаздым? Білім алушы өз қателігінің себебін табуға тырысады.
Әр жұмысты әртүрлі критерийлермен бағалауға болады, бірақ білім алушы алдымен бір критерийдің призмасы арқылы нәтижесін көруді, содан кейін бірнешеуін көруді үйренуі маңызды. Тапсырманы орындауға дайындық барысында мұғалім оқушылардан: «Біз қандай дағдыларды, қандай ережені тексереміз?»,- депсұрайды.Солай критерийлер қалыптасады. Бастауыш сынып білім алушысы басқалар сияқты табысқа жету жағдайын сезінуі керек.
Бастауышта білім алушы, басқалардай, табысқа жету жағдайын сезінуі керек.
Білім алушылар оқу тапсырмаларын бірнеше критерийдің призмасы арқылы көруге, бірнеше критериймен өзін бағалауға үйренеді.
Тапсырманы орындай отырып білім алушы іс-әрекетінің өзін-өзі бақылау және қалыптасқан критерийлер бойынша өзін сауатты бағалауды жүзеге асырады.
Ұзақ уақыт бойы оқу нәтижелерін тексеру және бағалау үшін, мәселен, ортақ тақырыптар және тарауда, жалпылама өлшемдер жасалады.
Диктантқа дайындық кезінде оқушылар тұжырымдалған критерийлерді басшылыққа алады. Критерийлерге негізделген нәтижелерді бағалау қателердің себептерін анықтау, оларды ескерту, мұғалімнің объективті болуына, білім алушыға орындаған тапсырмалар деңгейін болжауға мүмкіндік береді.
Критериалды бағалаудың айырмашылығы: мұғалімдер мен білім алушылар жұмыстың нәтижелеріне оң баға береді, оқу үлгерімін көруге үйренеді. Ал қателер әрі қарай жетістіктерге, білім беру мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осылайша, оқу жетістіктері критерийлердің жиынтығы бойынша бағаланады, олардың кейбірінен оқушының табысқа жету жағдайын сезінеді. Бұл оқу уәждемелерін дамыту үшін маңызды. Бастауыш сынып оқушысы табысқа жету жағдайын білуі тиіс. Оқу жетістіктерін критериалды бағалау білім алушының жетістіктерін сапалы бағалауға, қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың дәлме-дәл тапсырмаларын: диктанттар, шығармалар, мазмұндамалар, тестілер, бақылау және тексеру тапсырмаларын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау құралдары
1. Мұғалімнің ауызша бағалауы: ол белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуді көтермелеумен байланысты болуы керек. Сөздік бағалауда баланың бүгінгі жетістіктерін, оның кешегі болған жетістіктерімен салыстыру қажет. Келеңсіз бағалау оқушының ықылас-ыждаһатына, жауапкершілігіне, табандылығына ғана қатысты болуы мүмкін. Мұғалімге сөздік бағалау қорын толықтыру қажет, классикалық «жарайсың!», «жақсы», «ақылды-сың» деген пайымдаумен тоқтап қалмау керек.
Бұл ретте білім алушының оқу жетістігіне қарап, эмоционалдық қатынасты, оқушының табыстары бойынша қобалжуы-алаңдауын көрсетуі қажет.
«Бүгін сенде кешегіге қарағанда, өте жақсы шықты», «сенің бұл алгоритмді түсінгеніңе қуаныштымын», «Сенің пікірің қызықты» (болжам, жорамал), "Қандай керемет идея, оқулық авторы бұл туралы ойлаған да емес», «Есептеу өте қиын болды, бірақ сен алғашқы екі іс-әрекеттерді орындап шықтың», «Сен тапсырмалардың жартысын дұрыс орындадың, келесі жолы барлығын өзің жасай аласың», «Сен өте тырыстың және сенде барлығы міндетті түрде орындалады, осылай жалғастыра бер».
Барлығының көзінше мадақтау маңызды: («Балалар, қараңыздаршы, бүгін Арман қалай жұмыс істеді! Онда бәрі де жақсы шықты!». Бұл ретте, басқалардың мұны әлдеқашан істей алатыны маңызды емес).
Мұғалім білім алушылардың іс-әрекеттерін мақұлдау кезінде, келесі қағидаларды басшылыққа алуы мүмкін:
- тіпті болмашы нәтижеге қол жеткізгеннен кейін, білім алушыны бірден мақтаңыз;
- білім алушынының жеке қасиеттерін емес, оның оқу жетістіктерін мақтаңыз;
- оның қол жеткізген нәтижесіне риза екеніңізді, сізге оның жетістігі жағымды екенін айтыңыз.
Баланы шын мәнінде не үшін мақтауға болатынын атап өту маңызды, содан кейін жаңа міндет қоюға болады.
Мұғалім білім алушының кемшіліктерін оң мақсаттарға қайта пайымдауды үйренуі керек.
Білім алушы коррекциялық міндетті өзі құрастырғаны жақсы.
Мұғалім сыныптағы барлық білім алушыға өзара әрекеттестік-тің, конструктивті/сындарлы қарым-қатынастың және оң/жағымды бағалаудың үлгісін көрсетуі керек.
Жазбаша түсініктеме - кері байланыс, рубрика білім алушының белгілі бір кезеңдегі жетістіктерінің нәтижелеріне сипаттама болып табылады. Мұғалім онда білім алушының табыстарын сипаттайды, қажетті ұсыныстар береді. Мұғалім оған 2-3 сөйлем қоса алады.
Мысалы, әліппелік /букварный/ кезең бойынша оқу жетістіктерін бағалау үшін тиісті бағдарламаларда баяндалған, білімдерге, біліктерге қойылатын талаптарды басшылыққа алуға болады. Бұл ретте кейбір критерийлер міндетті емес болуы мүмкін, өйткені алда әлі тұтас бір тоқсан тұр және білім алушылар бірқатар біліктіліктерді табысты игеру үшін мүмкіндіктері бар.
3-кесте – Критерийлер тізбесі
Критерийлер | Тапсырма үлгісі/ мысалы | Баға | Жиынтық баға |
Сөз құрайтын дыбыстарды атай білуі |
|
|
|
Дыбыстар мен әріптерді айыра білуі |
|
| |
Дауыссыздыбыстардыбелгілейтінәріптерденкейінтұратындауысты дыбыстың рөлін анықтайбілу |
|
| |
Дауыссыз дыбыстың жұмсақтығын жазуда белгілей білу |
|
|
|
Жатық/бірқалыпты, буынғабөліпоқуменоқибілуі |
|
|
|